Конор МакГрегор үлкен спортпен қош айтысқан жоқ

UFC жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегор үлкен спортпен қош айтыспағанын айтты.

«Мен өз жұмысымды адал орындауға тырысамын. 50 әлемдік тур, 200 баспасөз-мәслихаты, 2 млн. фотосессия - осының барлығынан кейін мен Диастан жеңілдім. Дайындығыма уақыт болмады.

Енді жаттығуларыма оралатын уақыт келді. Соңғы үш кездесуімде UFC-ге $ 400 млн табыс әкелдім. Соған қарамастан, олар мені үнемі қыспаққа алуда.

Әлі де UFC 200 турнирінде жұдырықтасуға дайынмын. UFC басшылығына Нью-Йорктегі үлкен баспасөз-мәслихатына келіп, жаттығуларыма қайта кірісуге дайын екенімді айттым. Тағы бір айтарым - мен кәсіби мансабымды аяқтаған жоқпын», — деді ирландиялық спортшы MMA Fighting сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или