Қазақстандық каратэшілер Тбилисиде өткен халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық каратэшілер Тбилисиде өткен халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық спортшылар Грузияның Тбилиси қаласында каратэ-до WKF-дан өткен «GEORGIA OPEN» халықаралық турнирінде табысты өнер көрсетті.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Дархан Темірәлиев 55 келі салмақта чемпион атанса, Даниил Титов 76 келіде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Аталмыш жарысқа әлемнің 12 елінен 1500-дей каратэші қатысты.

Бұдан бұрын Д.Темірәлиев Польшада жастар арасында өткен әлем чемпионатында екінші орынды иеленген болатын.

Оған қоса Шымкент қаласында каратэ-до шотоканнан ел чемпионаты мәреге жетіп, онда Қазақстан қалаларынан 500-дей спортшы қатысты. Мұнда батысқазақстандық спортшылар (Әсет Мағалимов, 50 кг, Дәурен Ілиясов, 70 кг, Нарын Муфтахиев, 68 кг, Нүркен Хамидолла, Әлихан Сартаев) жалпыкомандалық есепте бірінші орынды еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или