WTA-ның жаңартылған рейтингісі жарияланды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілерінің жаңартылған рейтингісін жария етті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлий Путинцева өз орнында қалды – 53-орын. Зарина Дияс екі орынға көтеріліп, енді 85-позицияға тұрақтады. Ярослава Шведова болса, бірден 15 сатыға төмендеп кетті – 87-орын. Кәмила Керімбаева 427-сатыға көтерілді. Галина Воскобоева сегізінші жүздіктен жетіншіге ауысты – 753-тен 690-орынға.

Жекелей сында бұл рейтингінің көшін америкалық Серена Уильямс бастап тұр, екінші орында польшалық Агнежка Радванска келе жатыр. Үшінші орында – неміс Анжелика Кербер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или