Ресейлік даңқты боксшы Головкинді айдаһарға теңеді

Ресейлік даңқты боксшы Головкинді айдаһарға теңеді

Ресейлік атақты боксшы Григорий Дрозд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 23 сәуір күні америкалық Доминик Уэйдпен кездесуінде қолданатын мықты тұстарын айтып берді.

"Бірінші кезекте Геннадий Головкинге қатысты үш нәрсені атар едім. Біріншісі - оның аяқтары, қозғалысы. Екіншісі - күшті, естен тандыратын соққылары. Үшіншісі - оның рингтегі дүние танымы. Тәсілді қолдануы өте дұрыс. Оның қысым көрсетуінің сыры неде? Геннадий Головкин - рингте қарсыласын кеңістіктен айыратын адам, кейде жылдам, ал кей кездері біртіндеп жанши бастайды", - деді Дрозд.

Алдағы кездесу жайында ойын айтқан боксшы Уэйдтің ұзын бойлы екенін және Головкинге орташа дистанцияға өту керек болатынын жеткізді. "Ол не істейді? Рингті, бұрыштарды қиып өтіп, Уэйдті арқанға тақап, кеңістіктен айыруға тырысады, ол сөйтіп өзінің дұрыс қимылы мен қадамдарын пайдаланады. Гена қолдарын әрдайым биік ұстайды, тым төмен бүгіліп, отырады және денеден ұруды бастап, соққылары төмен бағытталады, содан кейін қолдың маңынан ұруды бастайды. Тағы бір айта кететін жайт: серия басталғанда Геннадий "адымдап", басқа бұрыштан соққыларды төпелете жөнеледі", - деді ол.

Сонымен қатар, Дрозд қазақстандық боксшының тағы бір қасиетін айта кетті. "Оның мынадай қыры бар: ол айдаһар жылан сияқты әрекет етеді. Жаныңда тұрып жақындайды, бірақ өте мықты қорғанады. Ол соққыларын шектейді немесе сол қалпы жаныңда қалады, бірақ ол үшін сол зонада қалу ыңғайлы. Сондай-ақ, ол әрдайым қарсы соққы жасайды немесе еңкейіп барып ұрады. Бұл қысым - Геннадийдің үлкен көзірі. Бұл оны Уэйдке қарсы қолдануы керек және бұл оның қолынан келуі тиіс. Геннадийдің соққылары қалыпсыз, ерекше және ауыр, қатты тиіп, олардан кейін адам құлайды", - деді Дрозд.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің алдағы кездесуі 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Оның қарсыласы америкалық боксшы Доминик Уэйд болады. Қазақстандықтар үшін кездесу 24 сәуір күні таңертең басталады. Жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей трансляциялайды.

Головкин үшін бұл кездесу WBA титулын қорғаудағы 16-ншы, IBO - 13, WBC (Interim) - 4, IBF-те бірінші жекпе-жек болады. GGG кәсіби рингте барлығы 34 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Олардың арасында 31 кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Ал Уэйдтің қоржынында 18 жекпе-жек бар, ол да барлығында жеңіске жеткен. Сонымен қатар, кездесулерінің арасында 12 жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталған.

tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или