Анатолий Ким: «ММА-ден ел чемпионы атанғандар Азия біріншілігіне барады»

Анатолий Ким: «ММА-ден ел чемпионы атанғандар Азия біріншілігіне барады»

30 сәуір күні Астанада ММА спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел чемпионатында топ жарған спортшылар мамыр айының соңында Кореяда өтетін Азия чемппонатына жолдама алмақ.

Бұл туралы ҚР ММА федерациясының президенті Анатолий Ким Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жанкүйерлер үшін қызық жаңалықтар көп. Астанада өтетін чемпионатта "Алаш прайд", "Әлем файтерс" "Ахмад" клубтарының өкілдері сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды. ММА спортын Қазақстанда кеңінен дамытып, онымен айналысушылардың қатарын көбейтуді қолға алып отырмыз. Оның ілгері дамуы үшін барлық жағдайды жасалуда. Жалпы, 2013 жылдан бері елімізде ММА спортынан 11 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 30 спорт шебері шықты. Жыл сайын аймақтарда іріктеулер өтіп, жастар оған жаппай қатысуда", - деді ол.

Аймақтарда клубтар құру мәселесі елімізде әлі де толық шешімін таппай отыр. Олимпиадалық спорт түріне кірмейтіндіктен оған бөлінетін қаражат жағы аздау. Ал спорт клубтарын құру да күн тәртібінде тұрған мәселе. Сондықтан өңірерде екі бапкерге ғана жалақы қарастырылған. Соған қарамастан онымен айналысатындардың саны өсіп келеді, дейді ММА федерациясының президенті А.Ким мырза.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или