Мариан Ордабаева мансабында тұңғыш рет Азия чемпионы атанды

Мариан Ордабаева мансабында тұңғыш рет Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Мариан Ордабаева Ташкент қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында топ жарды.

63 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Ташкент татамиінде барлық қарсыластарынан айласын асырды. Бастапқы белдесулерінде Иран және Моңғолия балуандарын жеңген. Жартылай финалда қытайлық спортшыны тізе бүктірді. Ал финалда жапон балуанын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, Мариан бұған дейін Азия ойындары мен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. Бұл жолы алғаш рет сарықұрлықта чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или