Иван Дычко: «Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсетуіміз тиіс»

Әуесқой бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Иван Дычко Риодағы Олимпиада ойындарынан не күтетінін және лизенциялық турнирдегі жеңісі жайлы айтып берді.

- Риода жақсы нәтиже көрсетуіміз тиіс. Еліміз үшін Олимпиада ойындарының қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Олимпиадаға жақсы дайындықпен барамыз.

- Қытайдағы лизенциялық турнирдің деңгейі жайлы не айта аласыз?

- Азияда бокс жыл сайын дамып келеді. Соған қарамастан, біздің боксшылар өздерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

- Аталмыш жарыстағы ең тартысты кездесуіңіз жайлы айтып берсеңіз?

- Жартылай финалдық кездесу тартысты өрбіді. Ыңғайсыз қарсылас болды. Финалдық жекпе-жек те қызық өтті. Әр кездесуді зерттедім. Менің ойымша, бұл жарысты жақсы өткіздім.

- Олимпиадаға дейін уақытта Дүниежүзілік бокс сериясында «Астана Арланс» командасында өнер көрсетесіз бе?

- Егерде бапкерлер келіссе, онда командаға көмектесуге дайынмын. Олимпиада ойындарына дейін аянбай тер төгіп, көп еңбек етемін. Бар уақытымды ұтымды пайдалануға тырысамын.

Қазақстан бокс Федерациясының ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или