Тимур Құлыбаев Азия олимпиадалық кеңесінің вице-президенті атанды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті болып тағайындалды.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын ұйымның президенті шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах пен Азия Олимпиадалық кеңесінің Атқарушы комитеті мүшелерінің бәрі бірауыздан қолдаған.

Азия Олимпиадалық кеңесі - Халықаралық Олимпиада Комитеті таныған бес ұлттық олимпиадалық комитеттердің құрлықтық қауымдастығына кіреді. Қазір оның құрамына Азия 45 мемлекеті еніп отыр.

«Орталық Азия аймағы - Олимпиада қозғалысын дамыту, халықаралық спорт жарыстарын өткізу бағытында ерекше маңызға ие. Еліміздің мүддесіне Азия Олимпиадалық кеңесінде өкілдік ету мен үшін абырой. Бұл Қазақстанның еңбегін халықаралық спорт қауымдастығының бағалауы және сенім білдіруі. Бұл Қазақстан мен Азия елдері спорт ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты бұдан ары қарай нығайта түседі», - деді Тимур Құлыбаев.

Ұйым АОК мүшеелдерінің Олимпиада қозғалыстарын басқарып, жұмысын үйлестіреді. Тұрақты түрде қысқы және жазғы Азия ойындарын төрт жыл сайын өткізіп тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или