Геннадий Головкин Майкл Джорданның брендімен келісімшарт жасасты

Геннадий Головкин Майкл Джорданның брендімен келісімшарт жасасты

Геннадий Головкин Jordan Brand спорт атрибутикасының өндірушілерімен келісімшарт жасасты. Айта кетейік, Jordan Brand - Nike компаниясының әйгілі баскетболшы Майкл Джорданға арнап жасаған бренді.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Головкин Андре Уорд пен Рой Джонстан кейінгі Jordan Brand брендін ресми таныстыратын үшінші боксшы атанды. «Біз Головкинді Jordan Brand отбасына қуана қабылдаймыз. Геннадийдің кәсіби әдебі, іске шеберлігі мен мәнері оны ерекшелейді», - деді Jordan Brand президенті Ларри Миллер.

Ал Головкин келісімшарт жөнінде былай деді: «Jordan Brand-тің бір бөлігі болғаным үшін қуаныштымын».

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы америкалық Доминик Уэйд болмақ. Кездесуді Астана уақыты бойынша 24 сәуір күні таңертең 7.40-та "Қазақстан" арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или