Путинцева үшінші айналымда Винус Уильямспен кездесуі мүмкін

Юлия Путинцева америкалық Чарльстонде өтіп жатқан WTA турнирінде үшінші айналымға шықты. Біздің теннисші неміс Сабин Лисицкиден айласын асырды.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші бір брейк жасап, ұтып алды. Ал екінші партияны неміс спортшысы өз пайдасына жазды. Кездесудің тағдырын үшінші сет шешті. Шешуші сәтте Путинцева жеңісті жұлып әкетті – 7:5, 4:6, 6:3. Матч бір сағат, 19 минутқа созылған.

Келесі айналымда қазақстандық теннисші Винус Уильямс (АҚШ)/ Элисон Риске (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или