Алматыда өтетін «Grand Prix» жарысына 40 мемлекеттен дзюдошылар қатыспақ

Алматыда өтетін «Grand Prix» жарысына 40 мемлекеттен дзюдошылар қатыспақ

13-15 мамыр аралығында Алматыда лицензиялық «Grand Prix» турнирі өтеді. Бұл туралы «Дзюдо» федерациясы баспасөз қызметі мәлім етті.

Федерация сайтындағы ақпаратқа сенсек, осы уақытқа дейін 40 мемлекеттің спортшылары жарысқа қатысатындығын растаған, тіркелу әлі де жалғасуда. Бұл «Grand Prix» халықаралық турнирлерінің арасынан Олимпиадаға жолдама алу үшін ұпай берілетін жарыстардың соңғысы болып саналады. Мұнан кейін тек «World Masters» турнирі өткізіледі. Ол жарыста да жолдама үшін ұпайлар беріледі.

Айта кетерлік жайт, дзюдодан халықаралық жарыс Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Турнирді «Қазспорт» телеарнасы көрсетеді деп жоспарлануда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или