Балға лақтырудан Олимпиада чемпионы допинг қабылдағаны үшін барлық жарыстан шеттетілді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Балға лақтырудан Олимпиада чемпионы Татьяна Белобородова барлық жарыстардан шеттетілді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл туралы ресейлік БАҚ мәлім етті. Мұндай шешім 2005 жылғы әлем чемпионатында спортшыдан алынған допинг-сынама нәтижесі дайын болған соң қабылданған.</p>
<p style="text-align: justify;">
Соңғы кездері допинг пайдаланған ресейлік бірнеше спортшылар әшкере болған еді. Көпшілігінің қанынан мельдоний табылды. Бұл препарат 2016 жылдың 1 қаңтарынан тыйым салынған заттар тізіміне кіргізілгенін естеріңізге сала кетеміз. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или