Элизабет Тұрсынбаева Алматыдағы Универсиадаға қатыса алмайды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарына қатыса алмайды.

Кеше ғана ересектер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсеткен Элизабеттің, Универсиадаға не үшін қатыса алмайтыны белгілі. Өйткені Алматыдағы жарыс уақытында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының жасы 16-да болады екен. Ал Универсиаданың шарты бойынша, жарысқа 17 жасқа толғандар ғана бақ сынай алады. Элизабеттің өзі бұл туралы бүй дейді:

«Әрине, мен қысқы Универсиада ойындарына қатысқым келеді, бірақ оған жас мөлшерім жетпейді. Дегенмен, көңіл-күйімді түсіргім келмейді. Себебі, Қазақстан әлі де талай жарыстарды ұйымдастырып, соған қатысатыныма сенімдімін»,- деді Элизабет Тұрсынбаева.

Айта кету керек, Алматыдағы қысқы Универсиада, 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Оған 17 мен 29 жас аралығындағы студент-спортшылар қатыса алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или