Жапониялық мәнерлеп сырғанаушысы Юдзуру Ханю Денис Теннен кешірім сұрады

Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Денис Тенге қатысты айыптаулар айтқаны үшін кешірім сұрады.

Tengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, федерация екі спортшының арасында соқтығысудың болмағанын мәлімдеп, айыптауларын алып тастады. Ал түсінбеушілік туғызғаны үшін Юдзуру Ханю Денис Теннен кешірім сұрады. Жапон БАҚ-тарының мәліметінше, спортшылар қол алысыпты. Ресми хат Қазақстанның конькишілер федерациясына жолданыпты.

Еске салайық, Сочи-2014 Олимпиадасының чемпионы Юдзуру Ханю қазақстандық Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламаны орындау алдындағы жаттығу кезінде оны қасақана соғып өтті деп мәлімдеген еді. Ханюдың айтуынша, қазақстандықтың бұл әрекеті оны қатты уайымдауға мәжбүр еткен, сондықтан ол барлығын да басынан бастауға тура келген. "Мен бейнежазбаны қарадым және ол бұл әрекетті қасақана жасады деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Ханю. Жапон спортшысы Денис Тенді бұған дейін де осындай қылық көрсетті деп айыптаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или