Қазақстандық каратэші әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Польшаның Быдгощ қаласында каратэ-додан жастар арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Дархан Темірәлиев күміс жүлде иеленді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке сүйенсек, аталмыш жарыста әлемнің 46 елінен 3 мыңдай спортшы бақ сынаған.

Дархан чехиялық, поляк, алжирлік және түркиялық қарсыластарын тізе бүктіріп, тек финалда өзбек спортшысына 1:2 есебімен жол берді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы командалық сында үшінші орынды иеленді. Мұнда тағы бір батысқазақстандық Бекарыс Елемесов те өнер көрсетті.

Айта кетейік, Темірәлиев былтыр әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или