Боксшыларымыз елге оралды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бүгін Қытайдағы іріктеу турнирінде 7 олимпиадалық лицензия жеңіп алған боксшылар елге оралды.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан бокстан 11 жолдама иеленді, еліміздің ерлер құрамасы тұңғыш рет Олимпиадаға толық құрамда қатыспақ.</p>
<p style="text-align: justify;">
«Әр боксшының Олимпиадаға дайындық жоспары болады. Кемшіліктерімізді түзеуге тырысамыз. Шеберлігімізді шыңдай түсу үшін бірлескен оқу-жаттығулар өткізіп, бірнеше халықаралық турнирге қатысуды жоспарлап отырмыз. Келесі оқу-жаттығу 10 сәуір күні басталады», - деп атап өтті құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или