Дариға Назарбаева «Медеуді» жаңғыртуға күш салатынын айтты

ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева «Алау» мұз айдыны сарайында спортшылармен және жаттықтырушылар құрамымен кездесу барысында алдағы уақытта «Медеу» мұз айдынын жаңғырту мәселесiн көтеретiнiн айтты,

Бұл туралы BNews.kz сайты хабарлады. Кездесуге коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек пен хоккей сияқты спорт түрлерiмен шұғылданатын спортшылар мен бапкерлер қатысты.

«Шетелдiк спортшылар Қазақстандағы «Медеу» мен «Алауды» жоғары бағалайды. «Медеу» мұз айдыны шетелдiктер, әсiресе, голландықтар үшiн Мекке сияқты. Қазiргi таңда «Медеуде» ешқандай жарыс өтпейтiнi өкiнiштi. Бұны халық үшiн, тіпті, бүкiл әлем үшiн жаңғырту керек», - дедi кездесуде сөз алған ҚР Коньки тебу спортынан халықаралық санаттағы спорт шеберi Екатерина Айдова.

Дариға Назарбаева Алматыға iссапармен баруды жоспарлап отырғанын айта келе, алдағы уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiмен бiрiгiп осы мәселеге қатысты жұмыс істейтінін жеткiзді. Вице-премьер Алматы әкiмдiгi бұл проблеманы көтерiп, шаралар қабылдайды деген үмітте.

Естерiңiзге сала кетсек, бүгiн ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Д.Назарбаева Астана қаласындағы 10-шы емхана мен кәсiптiк-техникалық колледждiң де жұмысымен танысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или