Елсияр Қанағатов: «Паралимпиада ойындарына 10 спортшымыз қатысады деп көздеп отырмыз»

Бүгінде Риодада өтетін XV жазғы паралимпиада ойындарына қазақстандық алты спортшы лицензия жеңіп алған.

Бұл туралы бүгін паралимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың қатысуы мен дайындығын пысықтау жөніндегі жедел штабтың отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты.

«Бүгінгі күні 6 спортшымыз 3 спорт түрінен лицензия жеңіп алды. Бұл – жүзуден 4 лицензия, дзюдодан бірінші рет лицензия алдық. Бұған қоса, жеңіл атлетика, оқ ату және садақ атудан лицензия алу жоспарланып отыр», - дейді Қанағатов.

«Тағы бір спортшымыз жаңа спорт түрінен лицензия алуға тырысады. Оған сәттілік тілейік. Жалпы, паралимпиада ойындарына 10 қазақстандық спортшы қатысады деп көздеп отырмыз», - деп толықтырды ол.

Айта кетейік, XV жазғы паралимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 7-18 қыркүйек аралығында өтеді. Спорт додасында 23 спорт түрінен 528 медаль жиынтығы сарапқа салынбақшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или