Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегінің проморолигі

НВО телеарнасы 23 сәуірде Лос-Анджелесте «Форум» аренасында өтетін бокс кешіне арналған промороликті жариялады.

Бұл кеште орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің кездесуі басты жекпе-жек болмақ.

Сондай-ақ, осы кештің аясында WBC тұжырымы бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалестің жұдырықтасады. Оның қарсыласы пуэрторикалық Маквильямс Арройо болады.

Айта кетейік, Головкин бұл жекпе-жекте WBA титулын 16-шы рет, IBO тұжырымын 13-ші рет, WBC (Interim) тұжырымын төртінші рет және IBF тұжырымын бірінші рет қорғап қалуға тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или