Зарина Дияс әлемнің бірінші ракеткасына жол берді

Зарина Дияс Майамиде өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымында жеңіліп қалды. Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы әлемнің үздік теннисшісі Серена Уильямске қарсылық көрсете алмады.

Тек бірінші сетте ғана Зарина америкалыққа күш көрсетті. Екі рет брейк жасады. Ал Серена Уильямс үш брейк жасап, бірінші партияда жеңіске жетті. Екінші сетте Серена үлкен басымдыққа ие болды. 1 сағат, 32 минутқа созылған матч 5:7, 3:6 есебімен аяқталды. Бұл қарсыластардың өзара екінші кездесуі болатын. Біріншісінде де былтыр Индиан-Уэллсте кіші Уильямс жеңіске жеткен еді.

Дияс үшінші айналымға шыққаны үшін 65 ұпай мен 36170 АҚШ долларын ұтып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или