Әділбек Ниязымбетов: «Менің мақсатым - Рио Олимпиадасының чемпионы атану»

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін былғары қолғап шебері, ақтаулық Әділбек Ниязымбетов Қазақстанның бокс федерациясының ресми сайтына сұхбат берген еді. Онда ол таяуда Қытай елінде өткізілетін лицензиялық турнирге дайындық барысы жайында әңгімеледі.

- Қарсыластарыңыздың ішінде қайсысын ерекше атап өтер едіңіз?

- Бұл турнирде Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады ғой. Сондықтан, оған қатысатын спортшылар барынша дайындалады. Меніңше, қарсыластардың барлығына бірдей тыңғылықты дайындалу қажет. Бізді күрделі де жауапты сайыстар күтіп тұр.

- Осы салмақта өнер көрсететін жас боксшы Әли Ахметовты сіздің басты бәсекелесіңізге айналды деуге болады...

- Бәсекелестік бұл қашанда дамудың белгісі. Ол жаңа мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыра түседі. Меніңше, бәсекелестік Қазақстан боксы үшін ауадай қажет. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуге лайықты, жас ізбасарлардың өсіп келе жатқаны мені қуантады. Негізі, әрбір боксшының қолайсыз қарсыласы болады емес пе!? Мен үшін қолайсыз қарсылас осы Әли Ахметов деуге болады.

- Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсете бастаған жас боксшы Абылайхан Жүсіповке қандай кеңестер берер едіңіз?

- Абылайхан жақсы мектептен өтті. Көптеген халықаралық турнирлерге қатысып, тәжірибе жинақтады. Оның әлеуеті жоғары. Біз өз кезегімізде оған жан-жақты қолдау, көмек көрсетуге тырысып жатырмыз.

- Алдағы Рио Олимпиадасы жайында не айтар едіңіз? Алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз?

- Олимпиада бұл - айтулы уақиға. Ерекше жарыс. Бұл жерде жетістік көптеген факторлардан құралады. Солар өзара үйлесім тапқанда жетістік те болады. Менің арманым да мақсатым да - Рио Олимпиадасының алтын жүлдесіне қол жеткізу. Олимпиададан кейінгі спорттық мансабымның қалай жалғасатыны белгісіз. Бірақ, қазір барлық күш-жігерімді жұмылдырып отырған мақсат - ол, Олимпиадада жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің Көк байрағын желбірету.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или