Головкин Уэйдпен жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Головкин Уэйдпен жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесінің ережесіне сәйкес америкалық Доминик Уэйдпен жекпе-жегінен 30 күн бұрын салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Tengrinews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, қазақстандық боксшының салмағы 74,4 келі болған. Ереже бойынша боксшыларға 79,8 келіге дейінгі салмақ рұқсат етіледі екен. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер Twitter әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, 33 жастағы қазақстандық боксшы мен 25 жастағы Уэйд арасындағы кездесу 23 сәуірде Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді. Бұл GGG үшін кәсіпқой бокстағы 35-ші жекпе-жек болмақшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или