Георгий Шейко спорттық жүрістен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Георгий Шейко Жапонияның Номи қаласында өткен Азия чемпионатында спорттық жүрістен қола жүлдегер атанды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, біріншілікке Азия елдерінен жүз шақты спортшы қатысты. Г.Шейко 20 км қашықтықта 1 сағат 21 минут 52 секунде нәтиже көрсетіп, тартысты бәсекеде мәреге үшінші келді. Бұл сында үнділік спортшы чемпион атанса, жапониялық жеңіл атлет күміс жүлдені иеленді.

Енді Г.Шейко 7-8 мамырда Италияның Рим қаласында спорттық жүрістен өтетін әлем чемпионатына, одан кейін тамызда Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысады.

Еске сала кетейік, жазғы олимпиадалық ойындарға Батыс Қазақстан облысынан әзірге төрт спортшы лицензия алды. Ескек есу шеберлері Андрей Ергучев пен Алексей Дергуновқа және Г.Шейкоға қоса 20 наурыз күні Астанада мәреге жеткен лицензиялық іріктеу турнирінде әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Екатерина Ларионова олимпиада жолдамасын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или