Абель Санчес: «Мейвезердің Головкинге тиісе бергеніне қарағанда боксқа оралатын ойы бар секілді»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, соңғы кездері америкалық Флойд Мейвезер отандасымыздың есімін жиі еске алып, реті келсе, тілімен түйреп алатын көрінеді. Бұл туралы BNews.kz мәлім етті. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Мейвезер осы күндері Головкинді жиі еске алып жүр. Соңғы бірнеше аптаның өзінде 3-4 рет шәкіртімді жеңетінін айтыпты. Осы айтқандарын бағамдап қарасам, ол таяуда боксқа қайтып оралатын сыңайлы. Головкинмен кездесе ме, жоқ па оны білмеймін, бірақ, оның боксқа қайтып оралатынына сенімдімін», - дейді Санчес.</p>
<p style="text-align: justify;">
Бұған дейін Абель Санчес: «Шәкіртім Мейвезермен жекпе-жек өткізу үшін салмақ тастауға дайын» - деп мәлімдеген болатын. Айта кетейік, америкалық боксшы шаршы алаңда 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бокс сарапшыларының пайымдауынша, Мейвезер таяу уақытта карьерасындағы елуінші жекпе-жегін өткізіп, сонан соң ғана қолғабын шегеге ілуі мүмкін.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или