Қытайдағы қандасымыз Астанада Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Астана төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан күрес түрлерінен Азияның Рио Олимпиадасына іріктеу жарысында еркін күрестен 65 келіде сынға түскен қытайлық қандасымыз Ерланбек Кәтейұлы финалға шығып, Қытай елі атынан Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, миллиард Қытайдың ішінен үздіктердің үздігі атанып жүрген қандасымыз осыдан тура төрт жыл бұрын да Астана төрінде Лондон Олимпиадасының жолдамасына таласқан болатын. Алайда, сол кезде ширек финалда қазақстандық Ақжүрек Таңатаровқа жол беріп, Лондонға бара алмаған болатын. Сол кезде ол «жығылсам, өз қазағымнан жығылдым. Өкінбеймін, енді келесі Олимпиадаға баруға тырысамын» дегені есімізде. Міне, сол арманы бүгін орындалды. Енді Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қазақ балуаны Қытай елінің атынан сынға түседі.

Ерланбек Кәтейұлы 1990 жылы Қытайдың Алтай аймағында Қызылтас қалашығында дүниеге келген. Қазір еркін күрестен Қытай ұлттық құрамасының белді мүшелерінің бірі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или