Нұрмахан Тінәлиев Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды

Нұрмахан Тінәлиев Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды

Астанада өтіп жатқан турнирде грек-рим күресі стилінде белдесетін палуан Нұрмахан Тінәлиев елордада өтіп жатқан азиялық лицензиялық турнирде Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының лицензия жеңіп алды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, 130 келі салмақ санатында күресетін палуанымыз ширек финалда ирандық Башир Асгари Бабаджанзадеха Дарзиден басым түскен болатын. Ал жартылай финалда ол қытайлық Куанг Менганың жауырынын жер иіскетті. Осылайша, Астанада өтіп жатқан турнирде қазақ палуандар әзірше 5 олимпиада лицензиясына ие болып отыр.

Айта кетерлігі, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Элмира Сыздықова мен Ғалымжан Өсербаев, ал бүгін  Гузель Манюрова мен Мамед Ибрагимов  Рио лицензиясын иеленген еді.

Жарыстың екінші күні олимпиаданың 12 лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама әрбір салмақ санатында ақтық белдесуге шыққан спортшыларға беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или