Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама дайындықты тексерді

Наурыздың 12-14 күндері аралығында Рио-де-Жанейрода(Бразилия) Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы атқарушы комитетінің шеңберінде 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындарында іске қосылатын барлық ауыр атлетикалық нысандарының тексерісі өткізілді.

Аталмыш іс-шараға алғаш рет ҚР ауыр атлетика Федерациясының президенті, бұған қоса ХААФ маркетинг комиссиясына төрағалық ететін Жанат Түсіпбеков басқаруымен қазақстандық делегациясы да қатысты.

Тексеріс барысында комиссия олимпиялық қалашық нысандарының дайындылығы және жабдықталуымен, соның ішінде ауыр атлетшілердің ойын көрсету, жаттығу, қалпына келтіру, мекендеу мен аккредитация жасау орындарымен танысты. Біздің спортшыларымыз «РиоЦентро» кешенінде өнерлерін көрсетеді. Айта кетейік, бұл жерде Олимпиаданың «алтыны» үшін еліміздің тағы бір мықты командасы – Қазақстанның бокстан құрамасы да бақ сынайды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық өкілдер Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне ескертулер мен ұсыныстарын енгізді. Өз кезегінде қабылдайтын жақ қазақстандық спортшылардың мұддерлері есепке алынып, барлық ескертулердің жойылатынына сендірді.

ҚААФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или