Шет елдік лигалардағы қазақстандық клубтар

Шет елдік лигалардағы қазақстандық клубтар

Қазақстан чемпионатында ғана емес, шетелдік біріншіліктерде де бақ сынап жүрген клубтарымыздың саны аз емес. «PROСПОРТ» тілшісі өзге елдердің лигаларында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық командалармен таныстырады.

Бұл тұрғыдан алғанда шетелдік лигаларда жүрген командалардан қазақстандық хоккей клубтарын ерекше атап өтуге болады. Бүгінде елордалық «Барыс», қарағандылық «Сарыарқа», өскемендік «Торпедо» мен «Барыстың» фарм-клубы «Снежные Барсы» ресейлік лигаларда өнер көрсетіп жүр. 2011 жылы құрылған «Снежные Барсы» көп уақыт бойы ресейлік Жастар хоккей лигасында өнер көрсетіп келеді. Ал «Барыс» болса, Қазақстанның намысын Құрлықтық хоккей лигасында қорғайды. Команда үшін биылғы жыл сәтсіз болғанымен, бұған дейін барлық маусымда плэй-офф кезеңіне шығып жүрген еді. Елордалықтардың ең жақсы көрсеткіші – плэй-оффтың екінші кезеңі. Дегенмен, Қазақстан чемпионатының екі дүркін чемпионы атанып, ел кубогында жүлделі орындар еншілеген. Сондай-ақ, 2007 жылы Ресей Бірінші лигасының Орал-Батыс Сібір аймағы бойынша жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, «Сарыарқа» мен «Торпедо» клубтары Жоғары хоккей лигасында бақ сынауда. Тарихы жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастау алатын өскемендік команда үшін үздік көрсеткіш ширек финал болып саналады. Шығыс аймағында өнер көрсететін олар жыл сайын плэй-оффқа шыққанымен, көбіне 1/8 финалдан кері қайтады. «Торпедоны» ЖХЛ-ның ортаңқол командасы деуге болады. Алайда бұл ұжым Қазақстан чемпионатын 13 рет ұтып алған, сондай-ақ, екі рет ел кубогында топ жарған. Биылғы маусымда өскемендіктер 1/8 финалда қарағандылық «Сарыарқаға» жол берген еді. Жалпы, ресейлік хоккей лигаларында осы маусымда жарыс жолынан шықпаған тек - «Сарыарқа». Биыл құрылғанына он жыл болатын аталмыш команда бүгінге дейін талай жетістікке қол жеткізген. «Сарыарқаның» соңғы үш маусымдағы жетістіктері мынадай:

ЖХЛ бірегей чемпионатының жеңімпазы – 2012/13

Братина кубогының финалисі – 2012/13

Жоғары хоккей лигасының чемпионы – 2013/14

Братина кубогының иегері – 2013/14

ЖХЛ «Бірегей Чемпионатының Жеңімпазы» Кубогының иегері – 2014/15

Жоғары хоккей лигасының қола жүлдегері – 2014/15

2001/12 жылы елордалық «Астана» баскетбол клубы Орта Азия командаларынан бірінші болып ВТБ Бірегей лигасында өнер көрсетті. Былтыр ширек финалға дейін жеткен олар 2014/15 жылғы маусымда Еурочелленджге жолдама алған болатын. Дегенмен астаналық баскетболшылар бүгінде халықаралық ареналарда үлкен табыстарға жете қойған жоқ. Есесіне, «Астана» Қазақстан чемпионатында төрт рет «алтын» жүлде иеленіп, сонша рет ел кубогында жеңімпаз атанды.

Тағы бір баскетбол командасы былтырғы маусымды Ресей Суперлигасында өткізген болатын. Дегенмен, «Алматинский Легион» 30 ойынның екеуін ғана жеңіп, турнир кестесінде соңғы орын еншілеген еді. Сондықтан, биыл алматылықтар тек Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуде. Мұнда да команданың жолы болар емес. «Алматинский Легион» Ұлттық лигада бес команданың ішінен төртінші орында келеді.

Ал «Барсы Атырау» баскетболдан Балтық лигасында еліміздің намысын қорғауда. Әйтсе де, атыраулықтардың жағдайы аса мәз емес. Биылғы маусымда олар 12 ойыннан соң 15 ұпай жинап, алтыншы орында келеді. Ал Балтық лигасының кубогында 1/8 финалдан кері қайтқан болатын. Ал Қазақстан чемпионатында атыраулықтар көш бастап тұр.

Орталдық «Ақжайық» командасы допты хоккейден Ресейдің жоғары лигасында өнер көрсетіп жүр. Әрине, оралдықтар әзірше Ресейге барып, жүлделі орын ала қойған жоқ. Биыл команда финалдық кезеңге жолдама алғанымен, «Ақжайық» әзірге бес ойыннан соң ұпай жинай алмай, соңғы орында тұр. Ал әлемдегі хоккей клубтарының рейтингісінде 73-орында келе жатыр.

Жерлестеріміздің шетелдік ареналардағы көрсеткіші осындай. Көп командалар ел чемпионатымен бірге, шетелдік лигаларды да қатар алып жүр. Сондықтан, халықаралық лигаларда топ жаратын қазақстандық командаларды көретін күн алыс емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или