Бейбіт Шүменовтің келесі жекпе-жегі мамырда өтуі мүмкін
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бейбіт Шүменовтің келесі жекпе-жегі мамыр айында өтуі мүмкін. Бастапқыда жекпе-жек 2015 жылдың 18 желтоқсанында Лас-Вегаста өтуі тиіс болатын, бірақ, қазақстандық боксшының жарақат алуына байланысты бокс кеші кейінге шегерілді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Бейбіт Шүменовтің келесі қарсыласы – бірінші ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы поляк Кшиштоф Влодарчик (50-3-1, 35 КО). К.Влодарчиктің бапкері Федор Лапин оның шәкірті Бейбіт Шүменовпен (16-2, 10 КО) «ертең болса да» кездесуге дайын екенін айтты. Дегенмен, жекпе-жек тағы да кейінге, мамыр айына қалдырылып отыр. Бұған дейін жекпе-жек сәуір айына шегерілген болатын, деп хабарлайды «Р-Спорт».</p>
<div>
</div>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или