Алматы облысында спортты дамытуға 4,5 млрд теңге бөлінді

Аймақта спорттың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта биыл спорттың дамуына 4 млрд 691 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақ спортшылары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алды. Қазіргі таңда 6 жетісулық спортшы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр. Олар: Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Сұлтан Дүзелбаев, Гүлжанат Жанатбек, Иван Иванов пен Раушан Қойшыбаева.

«Өткен жылы Алматы облысының спортшылары үлкен жетістіктерге қол жеткізе алды. Әртүрлі деңгейдегі спорт жарыстарынан қоржынымызға 1251 медаль бұйырды. Оның ішінде 468 алтын, 345 күміс, 438 қола медаль бар. 108 адам спорт шебері, 440 азамат спорт шеберінің кандидаты атанды . Осы жетістіктер үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Облыс әкімі ретінде сіздерді дәйім қолдап-қолпаштауға дайын екенімді айтқым келеді»,- деді Амандық Баталов.

Аймақ басшысының айтуынша, облыста спорттың дамуы мен спортшыларды қолдауда үлкен жұмыстар қолға алынып отыр. Сондай-ақ, әкім спортшылардың жетістігі жаттықтырушылар құрамына байланысты екенін атап өтті.

«Бөлінген қаржы спорт мекемелерінің жөндеу жұмыстары мен жабдықталуына бағытталмақ»,- деді облыс әкімі баспасөз қызметінің өкілі З.Атабаева.

«Алдымызда Олимпиада ойындары келе жатыр. Бұл шын таланттар үшін күрделі сынақ болмақ. Үлкен жетістіктерге жету – одан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Спортшыларымыз Рио-де-Жанейрода өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, елімізге медальдар әкелуге тілектеспін»,- деді А.Баталов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или