Денис Тен Люксембургтегі жарыста екінші орын еншіледі

Денис Тен Люксембургтегі жарыста екінші орын еншіледі

Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Люксембург қаласында өткен «Coupe du Printemps» жарысында екінші орын алды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, жарыстың бірінші күніндегі қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 86,95 ұпай жинап, үздік атанды. Еркін бағдарлама қорытындылары бойынша Денис Тен 133,09 ұпаймен төртінші орында болды.

Жарыстың жалпы кестесінде қазақстандық спортшы 220,04 ұпаймен екінші орын алды. Жарыстың бас жүлдесін Бельгия спортшысы Йорик Хендрикс иеленсе, үшінші орынға жапондық Такахито Мура лайықты деп танылды.

Қазақстандық спортшының алған жарақатынан кейін қалпына келмегендіктен бұл жарысқа дайын болмағанын атап өту керек. Алайда жарысқа қатысу шешімін қабылдауға еркін бағдарламаның ауысуы себеп болған. Денис үшін 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында Бостонда өтетін әлем чемпионатының алдында жаңа бағдарламаны орындау қажет болды.

Бұған дейін Денис Тен төрт құрлық чемпионатына жарақаты салдарынан қатысқан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или