Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасымен күш сынасты

Индиан-Уэллстегі теннис турнирінің үшінші айналымында америкалық Серена Уильямс пен чехиялық Петра Квитова жеңіске жетті. Юлия Путинцева мен Юханна Ларссон қарсыластарына жол берді.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Путинцева мен Уильямс арасындағы матч 1 сағат 15 минутқа созылып, 7:6, 6:0 есебімен АҚШ өкілінің жеңісімен аяқталды.

Айта кетсек, BNP Paribas Open турнирінің сыйлық қоры 6,1 миллион доллардан астам қаржыны құрап отыр.

Турнирдің үшінші айналымында Ярослава Шведованың да жолы болмады. Ол америкалық Николь Гибсстен екі партияда 0:6, 4:6 есебімен жеңілді. Аталмыш теннисшілердің кездесуі 1 сағат 9 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или