Денис Тен жарақатына қарамастан, жарысты қалай өткізгенін мәлім етті

Қазақстандық белгілі мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпиада жүлдегері Денис Тен ауырып тұрғанына қарамастан, халықаралық жарысқа қалай қатысқаны жайлы айтты.

«Неге қатты ауырып тұр?» - деп ойладым да таңертең мұздан шығып кеттім. Киім шешетін орынға ақсаңдап әрең жеттім.

- Кешке жарысқа қалай шығасың?

- Бірдеңе қылармын.

Сөйтіп Люксембургке келдім. Жарысқа шықтым. Қысқа бағдарламадан кейін алға шықтым. Ерікті жарысқа шығасың ба деп сұрады.

- Иә.

- Қалай? - деп уайымдады анам.

- Бәрі жақсы болады», - деп жазды Денис әлеуметтік желіге.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Люксембургте Сoupe du Рrintemps турниріне қатысуда. Қысқа бағдарламадан кейін Денис 86.95 балл алып, бірінші орынға шықты.

Спортшы АҚШ-та Бостонда 28 наурыз - 3 сәуір аралығында өтетін әлем чемпионатының алдында жаңа бағдарламасын пысықтауда.

Еске салсақ, Денис жарақаты салдарынан ақпанда төрт құрылық чемпионатына қатыса алмады. Бұдан бұрын ол өз жанкүйерлерін денсаулығына алаңдап, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Бостонда әлем біріншілігінде Қазақстан атынан міндетті түрде шығуға уәде берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или