Шахматшы Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде 2-орын иеленді

Павлодарда өткен халықаралық турнирде қазақстандық шахматшылардың арасынан Динара Сәдуақасова үздік нәтиже көрсетті.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Павлодарда облыс әкімінің кубогы үшін шахматтан халықаралық турнир мәресіне жетті. Додада әлемнің алты елінің мықты шахматшылары бақ сынаған.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын мен 500 мың теңге украиналық Инна Гапоненкоға бұйырды.

Отандасымыз Динара Сәдуақасова екінші орынды қанағат тұтып, 400 мың теңгеге ие болды.

Үздік үштікті армениялық Мария Курсова тұйықтады. Армения шахматшысы 300 мың теңгені қанжығасына байлады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде облыс әкімі Қанат Бозымбаев барлық ойыншыға алғыс айтып, келесі жылы да өңірге ат басын бұруға шақырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или