WADA Мария Шараповаға қатаң жаза қолданбақ

WADA Мария Шараповаға қатаң жаза қолданбақ

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) теннисші Мария Шараповаға қатаң жаза қолданатынын мәлім етті, деп жазады Lenta.ru The Times-ке сілтемемен.

Лондонда өткен допингке қарсы конференция барысында ұйым басшысы Крейг Риди агенттік Шарапованың ісін «өте мұқият» тексеретінін, егер тексеру барысында қабылданған жазалау шаралары тым жеңіл болатын болса, Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) жүгіну құқығын пайдаланатынын мәлім етті.

7 наурыз күні Шарапова Лос-Анджелестегі конференция барысында 10 жыл бойы отбасылық дәрігері тағайындаған милдронат дәрісін пайдаланып келе жатқанын, ал 2016 жылдың басынан бастап бұл дәрі тыйым салынған дәрі-дәрмектердің қатарына енгенін, өзінің бұдан бейхабар болғанын мәлімдеген еді. Осының салдарынан Австралияда өткен «Үлкен дулыға» турнирі кезінде алынған оның қан талдауы кері көрсеткіш көрсеткен.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или