Индиан-Уэллс турнирінде Путинцева мен Шведова екінші айналымға шықты

Индиан-Уэллс турнирінде Путинцева мен Шведова екінші айналымға шықты

Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде Қазақстанның үш теннисшісі кортқа шығып үлгерді.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші кездесуінде қытайлық Пэн Шуайды 6:0, 6:1 есебімен күйрете жеңді. Ол екінші айналымда Франция елінің өкілі, турнирдің 27-інші ракеткасы Кристина Младеновичпен күш сынасады. Ярослава Шведованың чехиялық Кристина Плишковамен матчы әлдеқайда тартысты болды. Мұнда Ярослава 6:3, 6:7, 7:5 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Я.Шведованың келесі қарсыласы - осы турнирдің 11-інші ракеткасы, тағы бір чехиялық ойыншы Люси Шафаржова.

Екі жылғы үзілістен кейін спортқа қайта оралған Галина Воскобоева әлемнің 53-інші ракеткасы, ұлыбританиялық Хитер Уотсонға табанды қарсылық көрсеткенімен, одан өте алмады. Бұл кездесуде Х.Уотсон 7:6, 4:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Қазақстанның тағы бір теннисшісі Зарина Дияс алғашқы айналымда америкалық Джейми Лобпен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или