Мария Шарапова допинг қолданғанын мойындады

Ресейлік теннисші Мария Шарапова биылғы Австралия ашық чемпионатында допинг тексерістен өтпей қалғанын мәлімдеді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Шарапова 7 наурызда Лос Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында мельдоний препаратын он жыл бойы қабылдап келгенін айтты. Ал WADA (Халықаралық антидопинг агенттігі) мельдоний препаратты 2016 жылдан бастап допинг тізіміне енгізген.

«Мен бұл әрекет үшін бүкіл жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен үлкен қателік жасадым. Спорттық карьерамды дәл осылай аяқтағым келмейді және маған теннисте қалуға тағы бір мүмкіндік беріледі деп үміттенемін», - деді Шарапова.

Ресейлік теннисші, әлемнің экс бірінші ракеткасы өзін қандай жаза күтіп тұрғанын нақты білмейтінін айтты.

28 жастағы теннисші Grand Slam жарыстарын бес рет ұтқан. Қазір ол әлемдік рейтингте 7-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или