Спорттағы арулар. Еліміздегі ең сұлу спортшылар

Сан түрлі жарыстарда жүлделі орындарды ғана емес, жігіттердің жүректерін де жаулап жүрген спортшы аруларымыз аз емес. Халықаралық әйелдер күнінде «PROСПОРТ» тілшісі еліміздегі сұлу спортшыларды тізбектеп шықты.

Анна Альябева

Спорт: көркем гимнастика

Анна 1993 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақстандық белгілі спортшы Розмат Әлібековтың қызы. Бес жасында әкесінің ұсынысы бойынша көркем гимнастикамен айналыса бастаған. 2010 жылы Азия ойындарында алтын жүлде еншіледі. Ал Лондон Олимпиадасынан кейін халықаралық деңгейдегі спорт шебері атанды. Бүгінде Альябева спорт жаңалықтарының жүргізушісі қызметін атқарып жүр. Өз сұхбаттарының бірінде Ресейде жаттығу жасағандықтан, ана тілін меңгере алмағанына өкініп, қазір қазақ тілін оқып жатқанын айтты.

Валерия Цой

Спорт: сноубординг

1988 жылы Өскемен қаласында туған Валерия спортшылар жанұясында өскен. Анасы гимнаст болса, әкесі сноубординг спортын үйрене бастаған Қазақстандағы алғашқылардың бірі. Валерия да әкесінің жолын таңдады. Елімізде бұл спорттың аса дамымағанын ескерсек, Цой әзірше халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жеткен жоқ. 2014 жылы Сочи Олимпиадасына жолдама алған болатын. Валерия алдағы уақытта елімізді үлкен жеңістерімен қуантады деп үміттенеміз.

Ангелина Лукас

Спорт: бокс

Төрт күннен кейін 19 жасқа толатын Ангелинаны көргендер оның бокспен айналысатына бірден сене қоймайды. Бірақ Лукастың бүгінге дейін жеткен жетістіктері аз емес. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі болған ол Германияда өткен халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанған. Жасөспірімдер арасындағы әлемдік біріншілікте де бақ сынады. Бүгінде жастардан ересектер дивизионына ауысып, биыл Қазақстан чемпионатына қатысып үлгерді. Жас спортшымызды болашақта үлкен жеңістер күтіп тұр.

Лидия Потапченко

Спорт: хоккей

Лидияның айтуынша, хоккеймен 15 жасында айналыса бастаған. Әкесінің сүйікті спорты хоккей болғандықтан, бала кезінен осы спорт туралы жақсы біледі. 15 жасында «Барыстың» әйелдер командасын құрып жатқанын естіп, өз күшін сынап көрген. Сол уақыттан бері хоккеймен шұғылданып келеді. Бүгінде астаналық «Томирис» клубында өнер көрсетіп жүр. Позициясы – орталық шабуылшы. Сонымен қатар, Потапченко фитнес-нұсқаушы қызметін атқарады.

Назым Қызайбай

Спорт: бокс

Тізімімізде бокстан Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі – Назым Қызайбай. Назым бала күнінен спортқа жақын болған. Алдымен футбол, баскетбол, артынша күрес үйірмелеріне қатысыпты. Кейін спорттағы дарында балалар мектебіне түскен соң, бокспен шұғылдана бастаған. Нәтижесінде Назым бокстан Қазақстан әйелдер құрамасына еніп, көп ұзамай әйелдер арасында әлем чемпионы атанған еліміздегі алғашқы боксшы атанды. Назымның ендігі арманы – Олимпиада чемпионы атану. Ендеше, оның бұл арманы да көп күттірмейді деп ойлаймыз.

Сабина Алтынбекова

Спорт: волейбол

Сұлу спортшылар арасында жасалатын рейтингілердің барлығынан орын алып жүрген Сабина біздің де тізімімізге енді. Волейболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында сұлулығымен азиялықтарды таң қалдырған Алтынбекова бүгінде спорттағы ойынымен емес, сыртқы келбетімен әлемге танымал деуге болады. Бірақ Сабина сұлу спортшы ғана емес, кәсіпқой спортшы ретінде танылғысы келетінін, қазір сол үшін жұмыс жасап жатқанын айтқан болатын. Былтыр жапон еліне барып, шеберлігін шыңдап қайтқан еді. 19 жастағы спортшы болашақта құрамамыз сапында жасындай жарқылдап, нағыз спортшы екенін дәлелдейді деп сенеміз.

Дильбар Өмірәлиева

Спорт: дзюдо

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы дзюдо спортымен Теміртау қаласында айналыса бастаған. 25 жастағы ару бүгінге дейін бірнеше табыстарға қол жеткізді. Дильбар – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, Ресейде өткен Әлем кубогының вице-чемпионы. Әлемдік рейтингіде 72-орында тұр. Өзінің спорттағы басты мақсаты Олимпиадада медаль алу екенін айтқан. Сонымен қатар, ол спортпен кәсіпқой түрде айналысу адамды одан сайын сұлу қыла түсетінін дәлелдегісі келеді. Дильбар оны дәлелдей алды деп сеніммен айта аламыз.

* Кей суреттер спортшылардың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или