Сербия футзалда кеткен есені, теннисте қайтарды

Сербия футзалда кеткен есені, теннисте қайтарды

Спорт сахналарында Сербия мен Қазақстан спортшылары сан мәрте кездесті. Олармен бәсекелерде көбіне қазақ спортшыларының бағы жанғаны жасырын емес. Футболымыз UEFA-ға кіргелі, ауыз толтырып айтатын жеңісіміз де осы сербтермен өткен ойында тіркелді. 2009 жылдың 21-ші наурызында Алматының орталық стадионында өткен ойында, футболдан Қазақстан құрамасы, Сербия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, сол уақыттың сенсациялық жеңісін жасаған. Ол аз десеңіз, үш апта бұрын ғана Белградта, Қазақстан футзал құрамасы Еуропа біріншілігінің жартылай финалында Сербия құрамасын ұтып, қола жүлдегер атанды. Ендігі кезек тенниске келген. 4-6 наурыз аралығында Белградтағы «Пионер аренада» Сербия мен Қазақстан құрамалары Дэвис кубогының ширек финалына берілетін жолдамаға таласты.

Аталған ойыннан ақпар тарату үшін Қазақстаннан бір топ журналистер келді. Ұшағымыз Белградқа қонғаннан кейін, әуежайдан, қонақүйге бет алып, жергілікті такси қызметін пайдаландық. Біз мінген көліктің жүргізуші Қазақстаннан келгенімізді естіп, футзалдан Еуропа біріншілігінде қола медаль алған Қазақстан құрамасын мақтай кетті. Сербия құрамасының жеңілісі оның жанына ауыр батқаны байқалды. «Қазақстан құрамасының, біздің команданы жеңіп қана қоймай, ойсырата ұтқанын еш уақытта ұмытпаймыз. Өз жерімде мұндай сұмдықты ендігәрі көргім келмейді», - деп серб футзалшыларына ренішін білдірді. Біздің көкірегіміз тасып, әңгімені одан әрі өрбітіп, былтыр «Црвена -Звезданы», «Қайрат» футбол командасының қалай ұтқанын есіне салдық. Жүргізуші бұған тез арада жауап тауып, ақтала кетті. «Сербия талантты футболшыларға кенде емес. Біздің елде олар өте көп, тек 16-17 жастарында мықты чемпионаттарға ауысып кетеді де, жергілікті командада жақсы ойыншылар қалмай жатады. Әйтпесе, бір кездері «Црвена-Звезда», чемпиондар лигасын ұтып, бүкіл Еуропаны дүрілдеткен»,-деп сүйікті командасын қорғаштап қана қоймай, кеудесін мақтаныш сезімі кернеді . Жә, сөз таластыруды жөн көрмедік. Расында, Сербия таланттарға бай, былтыр ғана футболдан жастар құрамасы, Әлем чемпионы атанғанынан хабардар екенімізді айттық. Сөз соңында теннистен де бағымыз жанып, Джокович бастаған жігіттерін ұтатынымызға сенім білдіріп, қоштастық.

Белград- өзіндік келбеті бар, Еуропаның әсем қалаларының бірі. Сава өзенінің Дунайға ағысы тұсында орналасқан қаланың ауасы таза, көшелері тар. Жергілікті халық серб және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Ресей мен оның Президенті Владимир Путинге құрметі ерекше болса да, сербтердің орысшаға келгенде, тілдері шорқақ болып шықты. Расында, Белградта Путиннің бейнесі салынған заттардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Сербияда Ресей Президентінің танымалдығы, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичтен асып түспесе, еш кем емес екенін аңғардық.

Әңгіме ауанын бірден Новак Джоковичке бұрсақ, әлемнің теңдесіз теннисшілерінің бірі Новак - Сербияның маңдайына біткен жұлдыз. Оның қолтанбасын алу немесе онымен суретке түсу, сербтер үшін абырой. Әлемнің бірінші ракеткасы, Қазақстанға қарсы ойынға қатысатынын естіген халық, матчқа кіру бағасы қаншалықты қымбат болғанына қарамастан, билеттерді алдын-ала сатып алған. Алыс-жақын шетелдерден ағылған Новактың жанкүйерлері де көп болды. Олардың үміті ақталып, сүйікті теннисшілерінің Қазақстанға қарсы ойынын атақты “Пионер аренада» тамашалады.

Дэвис кубогының матчтары үш күннен тұрды. Жеребе бойынша бірінші күні Новак Джокович пен қазақстандық Александр Недовесовтың жолы түйісті. Серб теннисшісі көпшілік күткендей үш сетте, еш қиналмастан (6:1, 6:2, 6:3) Недовесовты тізе бүктіріп, Сербия құрамасын 1:0 есебімен алға шығарды. Екінші кездесу Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин мен Сербияның екінші ракеткасы Виктор Троицкий арасында өтті. Сербиялық жанкүйерлер, әу баста Виктор да, Кукушкинді оңай жеңеді деп топшылап, үкілеген үміттеріне сенім артқан. Бірақ, барлығы олар ойлағандай болмай шығып, керісінше Кукушкин қарсыласын үш сетте тізерлетті. Қорытынды есеп: 5:7, 2:6, 4:6. Матч сонында Троицкий, Михаилды мойындап, олар ойнаған корт төсеніші, Кукушкинге арналып төселгендей деп атап өтті. «Кукушкин өз үйінде ойнағандай, кортта өзін еркін сезінді. Бүгін ол менен әлдеқайда мықты болды»-деді В.Троицкий. Жарыстың бірінші күні Сербия мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екінші күні жұптық кездесу өтті. Сербтер жұптасып ойынға да лидерлері Новак Джоковичті қосты. Онымен бірге жасы қырыққа жақындаған ардагер ойыншысы Ненад Зимонич өнер көрсетті. Новак Джокович кездесу алдында, Қазақстан құрамасы жұптасып ойнауда өте мықты екенін атап өткен болатын. “Екі жыл бұрын, Недовесов пен Голубев жұбы, Олимпиада чемпиондары Федедер мен Вавринканы ұтқанын көргенмін. Сондықтан барымызды салмасақ, оларды жеңу қиынға соғады»,-деді.

Новактың айтқаны дәлме-дәл келді. Зимонович екеуінің шамасы қазақстандық теннисшілерге жетпеді. Голубев-Недовесов жұбы үш сетте 3:6, 6:7, 5:7 есебімен қарсыластарынан басым болды. Осылайша теннистен Дэвис кубогының екінші жарыс күнін жеңіспен аяқтап, жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен алға шықты.

Жарыстың үшінші күні сербтер үшін психологиялық тұрғыда ауыр болатыны айтпаса да, түсінікті еді. Өйткені қос бірдей теннисшісі жеңіске жетпесе, әлемдік топпен қош айтысуға тура келеді. Жанкүйерлерінің де еңсесі түскені сезіледі. Недовесов пен Голубев, жұптасуда Новактарды ұтқан күннің кешінде, ақша айырбастау пункінен бармағын тістеп, өкініп жүрген ақсақал кісіні көрген едік. Ол, Джоковичтің Қазақстанның жеңілгенін «траурға» теңеді.

Дэвис кубогының соңғы үшінші күнінде кортқа бірінші болып, Джокович және Кукушкин шықты. Михаил бұған дейін, Новакпен бір мәрте кездесіп, жеңілгені бар. Осы жолы есе қайтарады-ау деген тәтті үміттің болғанын жасыра алмаймыз. Екі күн бойы кортқа шыққан Джоковичтің бойынан шаршау байқалып тұрды. Бес сеттік ойынның болып қалуы мүмкін екенін болжаған да едік. Кукушкин бұл күні Топ-5-тегі теннисшілер секілді жарқылдады. Новакпен терезесі тең өнер көрсетті. Бірінші сетті тай-брейкке жеткізіп 6:7 (6:8) есебімен басым болды. Екінші сетте тура осы сценарий қайталанып, тай-брейкте Джоковичтің бағы жанды. Үшінші сетте Кукушкин тағы мықты болып, 4:6 есебімен басым болды. Одан кейінгі сетті Новак Джокович 6:3-пен өз пайдасына аяқтады. Бесінші сетте жігерленіп, мінез бен салқынқандылық танытқан Джокович, 6:2 есебімен айласын асырды. Жалпы есепте Сербия мен Қазақстан құрамалары 2:2 есебімен теңесіп, соңғы нүктені Троицкий мен Недовесовтың бірі қоятын болды.

Кукушкиннен бірінші күні жеңілгеннен кейін, Троицкийдің енді ұтылғанын серб жанкүйерлері кешірмес еді. Әлемнің үздік 20 теннисшісінің қатарына кіретін Виктор Троицкий, рейтінгте өзінен әлдеқайда төмен тұрған Недовесовты үш сетте (6:2, 6:3, 6:4) есебімен жеңді. Қазақстан әлемдік топпен қош айтысып, қыркүйек айында қайта оралу үшін плей-офф кезеңіне қатысатын болды. Ал Сербия құрамасы ширек финалда Ұлыбританияны құрамасын өз аренасында қабылдайды.

Рауан Оқас, Белград, Сербия.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или