Әлия Юсупованың шәкірттері олимпиада ойындарына лицензия ұтып алудан үмітті

Әлия Юсупованың шәкірттері олимпиада ойындарына лицензия ұтып алудан үмітті

Көркем гимнастикадан спорт шебері Әлия Юсупованың шәкірттері алдағы өтетін әлем біріншілігіне қызу дайындалып жатыр. Қызылды-жасылды лентаны ұршықша иіріп, допты саусағында айналдыратын гимнастшылар олимпиада ойындарына бірнеше лицензия ұтып алудан үмітті.

Бұл туралы 24.kz сайты мәлім етті. Бір кездері Әлияның өзі де көркем гимнастика өнерінің әлеміне алғаш қадам басқан еді. Қарым-қабілеті мықты талдырмаштай қазақ қызына гимнастиканың алғашқы әліппесін білікті бапкер Наталья Рогожина үйреткен. Спортшылар әулетінде тәрбиеленген еңбекқор қыз бапкерлерінің үмітін ақтай білді. Бүгінде өзі де шәкірт тәрбиелеп жүр.

- Бұл спортта адамның дене бітімі майысады. Мұнда көп нәрсені үйренесің. Әлия әпкеме ұқсап, олимпиадаға барғым келеді, - дейді Әлияның шәкірті Жанерке Әмір.

- Олимпиадаға жолдама алу жоспарда бар. Екі әлем кубогы Португалия мен Италияда өтеді. Лицензия жеңіп алатын мүмкіндігіміз бар. Мен спортшылармен жарысқа кеткенде анам мен апам көмектесіп тұрады. Менің бала-шағама қарайды. Осы 8 наурыз мерекесімен қыздарды, аналарды, апаларды шын жүректен құттықтаймын, - дейді көркем гимнастикадан еліміздің бас бапкері Әлия Юсупова.

Сіздерге тек қана денсаулық тілеймін. Әлия бүгінде бас бапкерлігімен қатар, қалалық спорт мектебін де басқарады. Өмірден көрген, көкейге түйгенін шәкірттеріне үйретіп отырады. Шымкентте гимнастшыларға арнап салынған жаңа спорт кешенінде жастарға барлық жағдай жасалған. Алда тек үлкен белестерді бағындыру ғана тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или