Қазақтың атақты палуаны Әбілсейіт Айханов дүние салды

Қазақ күресі орны толмас қазаға ұшырады. Жексенбіде қазақтың атақты палуаны Әбілсейіт Айханов 78 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Әбілсейіт Рүстемұлы 1938 жылы 15 сәуірде сол кездегі Талдықорған облысында туған. Еркін күрестен ауыр және жартылай ауыр салмақта белдескен ол 1958-1969 жылдар аралығында Қазақстан чемпионатын 11 рет жеңіп алды. Сондай-ақ, КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионы (1963 ж.), КСРО Кубогының иегері (1970 ж.). 1958 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған палуан 1968 жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Әлемнің 50-ден астам елінде оның құрметіне КСРО гимні шырқалды. Сондай-ақ, Айхановтың есімі үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведьті жеңген палуан ретінде де тарихта қалды.

kazsport.kaztrk.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или