Михаил Кукушкин: «Кей тұста төрешілер əділетсіздік танытты»

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Дэвис кубогы аясында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичпен өткен кездесу туралы ойын айтты.

«Кей тұста төрешілер əділетсіздік танытты. Біздің жанкүйерлерге көп əңгіме айтып, барабаншыларымызды ойыннан қуып жібермек те болған. Ал серб жанкүйерлеріне ештеңе демегені таңқалдырады. Олар ойынға көп бөгет жасады. Новак туралы айтатын болсақ, ол төртінші сетте өзін мықты қырынан көрсетті. Бесінші сетте де, басым болды. Джоковичті нағыз шебер əрі талант иесі дер едім», - деді Кукушкин.

Естеріңізге сала кетсек, Михаил Кукушкин сербиялық Новак Джоковичке 7:6, 6:7, 6:4, 3:6, 2:6 есебімен жол берді. Бес сағатқа жуық созылған матчтан кейін Сербия мен Қазақстан құрамалары арасындағы жекпе-жек теңесті – 2:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или