Илья Ильин: «Маған рекорд емес, үшінші Олимпиада алтыны керек»

Илья Ильин: «Маған рекорд емес, үшінші Олимпиада алтыны керек»

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин ProsportKz.kz тілшісіне сұхбат беріп infostrada.com сайтының кері болжамына қатысты пікірін білдірді.

- infostrada.com атты белгілі журнал Ильин Рио Олимпиадасында алтынға таласа алмайды деді. Құр әншейін сөз бе?

- Түрлі басылымдар нешетүрлі материалдарды жарыққа шығарады. Мұндайға көз үйреніп кетті, тіпті назар аудармаймын. Жәй ғана карьералық көрсеткішіме қараңыз, медальға ұмтылатыным көрініп тұр ғой! Бұл мақаланың авторлары Википедияны ашып менің өткен өміріммен таныспаған болса керек.

Әдеттегідей, 120 пайызға күш жігер салып дайындалудамын. Маған бапкер жүз пайыздық жұмыс істетсе, мен оның айтқанынан 20 пайызға асып түсем. Жуырда ғана жеке рекордымды жаттығу кезінде жаңарттым. Лондон Олимпиадасына дейін бабым келісіп тұрды, қазір өзімді одан да күшті сезінудемін. Уақыт өте ақыл қонды, білімімді жетілдірдім, жақсы командамен жұмыс істеудемін, жақындарым сүйемелдеп алға жетелеп келеді.

- Грозныйда өткен Ресей президентінің Кубогында серпе көтеруде 246 келіні еңсеріп, рекорд жаңарттың. Риода бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін бе?

- Риода қанша көтеру қажет болса, соны ғана көтеремін. Менің көздейтінім - қарсыластарды бір келіге болса да артта қалдыру. Маған рекорд емес, үшінші Олимпиада алтыны керек. Мақсатқа жетуге тырысамын. Ал егер қосымша, мүмкіндік болып жатса, әрине рекорд қойып көремін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или