Головкин - Уэйд кездесуіне билеттердің жартысы сатылып кетті

K2 Promotions промоутерлік компаниясы Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегіне билеттердің жартысы сатылып кеткенін мәлім етті.

«Алғашқы аптада 8000 билет (50 пайыз) сатылды», - деп жазылған GGG-дің ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен 23 сәуір күні жұдырықтасады. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы 35-ші кездесуі болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или