Том Леффлер: «Сондерспен Головкинмен бір-екі жекпе-жектен кейін жұдырықтасады»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерстің қазақстандық боксшымен кездесуден бас тартпағанын айтты. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Біз Биллиге қаржылық түрде өте жақсы ұсыныс жасадық. Бұл оның мансабындағы ең үлкен жалақысы болар еді. Сондерс кездесуден нақты бас тартқан жоқ, ол Головкинмен бір-екі жекпе-жектен кейін жұдырықтасқысы келетінін айтты. Сондерс жақында ғана WBO чемпионы атанған, сондықтан ол қазір чемпиондық титулын қорғағысы келеді. Содан соң Головкинмен жұдырықтасады», - деді Леффлер Thaboxingvoice.com сайтына. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или