Головкин Хопкинстің рекордын жаңартпақшы
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин атақты Бернард Хопкинстің чемпиондық титулдардың сәтті қорғау бойынша рекордын жаңартпақшы. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізде болса, Хопкинс орта салмақ дәрежесінде қатарынан 20 кездесуінде чемпиондық титулын сәтті қорғаған болатын. Головкинде әзірге он бес кездесу. </p>
<p style="text-align: justify;">
«Головкиннің алға қойған жоспары көп. Орта салмақтағы титулдарды біріктіруден өзге Геннадий Бернард Хопкинстің рекордын жаңартқысы келеді. Егерде Головкин 20-дан астам кездесуінде чемпиондық титулын сәтті қорғаса, біз тарих бетін жаңартамыз», — деді Головкиннің бапкері Санчес Boxing Scene сайтына.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или