Лиллехаммерден жеңіспен оралған спортшылар марапатталды

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Норвегиядан жеңіспен оралған спортшыларды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марапаттады.

«Бұл қуанышты жағдай. Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсетті. Жас спортшылардың алға қойған мақсаттары айқын. Еліміздің атын шығару үшін барлығы қолдарынан келгенін жасады. Бұл спортшылар келесі жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарында өнер көрсетеді деп ойлаймын», –деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға еліміздің атынан спорттың 9 түрінен 18 спортшы қатысып қайтты. Олардың ішінен 4 спортшы жүлдеге ілікті. Оның біреуі күміс, үшеуі қола жүлде алды. Жалғыз күмісті командалық аралас спринтте сынға түскен конькиші Әнуар Мұхамадиев олжалады. Ал қола жүлдегерлердің қатарында Арина Пантова, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, шорт-тректен Анита Нагай бар. Жалпы бұл Олимпиада ойындарында 16 спорт түрінен 70 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

«Лиллехаммерде жүлдеге ілігемін деп ойлаған жоқпын. Алайда ата-анам мен бапкерімнің қолдауы өзіме деген сенімділікті арттырды. Қола жүлде алғаныма қуаныштымын», – дейді Анита Нагай.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы келесі қысқы Олимпиада ойындары 2020 жылы Швейцарияның Лозанна қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или