Нурмагомедов UFC-ге ауысуы мүмкін

Нурмагомедов UFC-ге  ауысуы мүмкін

Ресейлік жеңіл салмақтағы файтер Усман Нурмагомедов мансабын әлемдегі ең мықты ММА ұйымы UFC-де жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдерлердің мәліметінше, PFL лигасының қазіргі чемпионы UFC-пен келісімшартқа қол қойған немесе келіссөздердің соңғы кезеңіне жеткен.

Жеңіліс көрмеген ресейлік файтердің UFC-дегі алғашқы қарсыласы ретінде бразилиялық Маурисио Руффи қарастырылып жатыр.

Бұл ақпаратқа жанама дәлел ретінде Руффидің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасын айтуға болады. Бразилиялық файтер жақын арада келесі жекпе-жегіне қатысты маңызды жаңалық жариялайтынын мәлімдеген. Ал Нурмагомедовтың еркін агенттер қатарына қосылуына өткен аптада PFL ұйымымен эксклюзивті келіссөз жүргізу мерзімінің аяқталуы мүмкіндік берген.

Усман соңғы жекпе-жегін биыл шілде айында Нью-Йоркте өткен PFL турнирінде өткізді. Ол алғашқы раундта америкалық Арчи Колганды нокаутқа түсіріп, қарсыласына кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркетті.

Ал Нурмагомедовтың ықтимал қарсыласы Маурисио Руффи соңғы кездесуін UFC 331 турнирінде өткізіп, Арман Царукяннан техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама