Батысқазақстандық балуан Минскіде өткен халықаралық турнирде күміс медаль еншіледі

Батысқазақстандық балуан Минскіде өткен халықаралық турнирде күміс медаль еншіледі
<p style="text-align: justify;"> <strong>Минск қаласында үш мәрте олимпиада чемпионы Александр Медведьтің жүлдесі үшін еркін күрестен өткен халықаралық турнирде БҚО ішкі істер департаментінің қызметкері Екатерина Ларионова күміс жүлдегер атанды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> ҚазАқпараттың мәліметіне сүйенсек, аталған жарыста әлемнің 25 елінен мықты балуандар бақ сынаған. Е.Ларионова 63 келі салмақта екінші орынға көтерілді.</p> <p style="text-align: justify;"> Еске сала кетейік, бұл - Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Екатеринаның жыл басынан бергі үшінші медалі. Ол қаңтардың орта тұсында Таразда өткен ел чемпионатында жеңімпаз атанса, одан кейін сол айдың аяғында Красноярскіде &laquo;Иван Ярыгин&raquo; ХХVII халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдені еншілеген еді.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или