Илья Ильин жаттығу кезінде брейк-данс биледі

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин жаттығу алдында ширау үшін брейк-данс биледі. Әлемнің төрт дүркін чемпионы бейнежазбаны Инстаграмдағы өзінің парақшасына салды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, ауыр атлетикадан аңызға айналған спортшы жас күнінде қазіргі заманғы бидің осы түрімен әуестенген көрінеді.

Илья Ильин бұл биді жаттығу кезінде билейді екен.

Жарияланған бейнероликтердің бірінде ауыратлет ресейлік орындаушы Тиматидің «Лада Седан» хиті әуенімен билеген.

Қазіргі кезде спортшы төртжылдықтың Рио-де Жанейродағы басты сайысында олимпидалық үшінші «алтынды» жеңіп алуға даярлануда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или